Баспасөз бетіндегі мақал-мәтелдердің қайта жаңғыруы

Авторы

  • Ж. Абдрахманова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Қазіргі баспасөз бетіндегі ақпараттық мәтіндердің барлығы қоғамдық сананың қабылдауына мүдделі. Тілдің коммуникативтік талаптарына сәйкес ақпарат оқырманға түсінікті, стилі жатық болуы шарт. Cоңғы кезде кейбір мақал-мәтелдердің орынсыз, мағыналық құрылымынан уәжсіз ауытқу құбылысын жиі байқаймыз. Бұл тілдік норманы бұзып қолданудың, тілдік бірліктердің мағынасын қате ұғынудың сипатын көрсетеді. Мұндай құбылыс жергілікті немесе тәуелсіз газеттер ғана емес, республикалық, мемлекеттік басылымдардың өзінде кең орын алған. Газет тілінде берілетін мақал-мәтелдердің бұзылып қолданылуы, құрылымдық жағынан ықшамдалуы, мағынасының өзгертілуі, авторлық қолданысқа тән компоненттерінің түсірілуі немесе компоненттерінің арасына сөз қосып қолданылуы арқылы құбылту өте жиі кездеседі және олар автор тарапынан белгілі бір мақсатқа сай құрылады. Осындай «құбылудың» әсерінен мақал-мәтелдердің мәні, мазмұны өзгеріп, кейбірі тілдік қолданыстан түсіп қалса, кейбірі жиі қолданудың әсерінен стандарт қалыпқа түседі.

Библиографические ссылки

1 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. – 121 б.
2 Н.Уәлиев Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1989.
3 Г.Смағұлова Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 1998.
4 «Жас Алаш», «Түркістан», «Алматы», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Айғақ», «Ана тілі» газеттері.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19