Диаспора мен оралмандардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Авторы

  • Г. Н. Смагұлова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Ключевые слова:

диаспора, оралман, тілдік жағдаят, лексикалық ерек­ шеліктер.

Аннотация

Мақалада диаспора мен оралмандардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері қазақ тілінің материалдары бойынша сөз етіледі. Тіл – әрқашан белгілі бір этностық генеологиясымен, азаматтық тарихымен, өмір сүрген ортасымен, қоғамдық даму дәуірімен, материалдық және рухани мәдениетімен, ша­ руашылық кәсіп түрлерімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен тікелей байланыс­ ты. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде сақталып, әдеби тілде көп кездесе бермейтін сан алуан фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, кездейсоқ пайда болмайтындығын ескеру керек. Ол құбылыс, ол өзгешелік тарихи жағдайға, көршілес отырған халықтардың тілдік ықпалына, айналысатын кәсібіне, шаруашылығына байланысты қалыптасқан. Қазіргі кезде әр мем­ лекеттің әр мекенінде өмір сүріп келген қазақтардың ауызекі сөйлеу тілі ерекшеліктерін зерттеу – әдеби тіл тарихы үшін құнды дерек болып та­ былады. Баяндамада (мақалада) диаспора мен оралман қазақтары тілінің ерекшеліктері бойынша жиналған фонетикалық, грамматикалық, лексика­ лық деректер қазақ тілінің әдеби тілмен салыстыра талданады.

Библиографические ссылки

1 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 250 б.
2 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.
3 Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. – Алматы, 1982. – 166 б.
4 Гың Шымин. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. – Пекин: Орталық ұлттар университеті, 1998. – 291 б.
5 Мырзаханұлы Жақып. Қазақ халқы және оның салт-санасы. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1992. – 598 б.
6 Солтаншарыпұлы Н. Шыңжаң қазақтары мен Қазақстан қазақтарының тіліндегі кейбір дыбыстық айырмашылықтар
// Тіл және аударма. – Үрімші, 1993. – Б. 8-20.
7 Чын Янян. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясынан зерттеулер. – Пекин: Ұлттық баспа, 2000. – 242 б.

Загрузки