Educational practice of Folklore: new aspects and methods

  • A. Abdulina Al-Farabi Kazakh National University

Abstract

Қазақстандағы жоғары білім өз саласында құзыретті, болашақ мамандарға жекелеген білім беру бағытының басымдығына негізделген, модернизациямен байланысты дамудың жаңа кезеңін өткеруде. Студенттерді дайындауда ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудағы мақсатты бағдар беретін мәртебесі бар, жоғары білім беру жүйесінде өтетін инновациялық үдерістер ескеріледі.Фольклорлық оқу тәжірибесі – филолог-маман қалыптастырудағы бірден-бір маңызды кәсіби дайындық болып табылатындықтан, оқу үдерісін ұйымдастыруда білім алушыларды жағдайға тікелей қатыстыра отырып, студентті өздігінен дамыту және белсенділігін арттыру жолымен субъективтік фактордың өсуі, өзін-өзі бағалауы мен шығармашылығын арттыру рөлі түбегейлі жаңа тәсілдерді талап етеді. Ұсынылған мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті студенттерді даярлауда білім беру бағдарламасының аясында практикаларды өткізу тәжірибесі әдістемелік деңгейдің жаңа бағыты бойынша баяндалады.Түйін сөздер: филология, студент, бағдарлама, тәжірибе, фольклор, әдістеме, мәтін, нұсқа, жазба, талдау, есеп.
Published
2018-02-02
How to Cite
ABDULINA, A.. Educational practice of Folklore: new aspects and methods. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 28-31, feb. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2059>. Date accessed: 22 oct. 2018.