Peculiarity of National Idea’s Realization in the Kazakh Literature of XVIII-XIX centuries

  • A.B. Temirbolat КазНУ имени аль-Фараби

Abstract

Мақалада «ұлттық идея» ұғымының мәні тұжырымдалады. Қазіргі әдебиеттанудағы бұл мәселенің негізгі зерттелу аспектілері ашылады. Ұлттық идеяның қалыптасуы мен эволюциясына әсер ететін факторлар қарастырылады. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті шығармаларының талдауы негізінде оның ролі мен мағынасы ашылады. Зерттеу барысында жазушылардың эстетикалық және этикалық идеалдары мен құндылықтарын көрсететіні анықталады. Бұл ұғым авторлық болмыс концепциясын, кейіпкерлердің психологиясы мен ақиқатқа көзқарасын терең ашуына мүмкіндік береді. Ұлттық идея көркем шығармаларының мазмұны мен поэтикасын безендіреді. Әдебиеттің жанрлық ерекшелігін қамтамасыз етеді. Оның негізгі сипаттамалары руханият, отаншылдық, адамгершілік болып табылады. Ұлттық идея XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мазмұны, сюжеті, бейнелер жүйесі деңгейінде көрініс табады. Фольклор, ақын мен жырау шығармаларында қоғамның дамуы үдерісі контексінде зерделенетін әлеуметтік құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғаның ішкі әлемі қарастырылады.Түйін сөздер: ұлттық идея, әдебиет, жазушы, көрініс, тарих, эволюция, қоғам, ғасыр, мәдениет.
Published
2018-02-06
How to Cite
TEMIRBOLAT, A.B.. Peculiarity of National Idea’s Realization in the Kazakh Literature of XVIII-XIX centuries. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 114-118, feb. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2075>. Date accessed: 19 june 2018.