The formation of adverbs in english and azerbaijani on the basis of other parts of speech

  • İ.I. Babayev University of Nakhchivan

Abstract

Бұл мақала азербайжан және ағылшын тілдеріндегі зат есім, сын есім, есімдік, етістік формаларынан және көмекші сөздерден жасалған туынды үстеулерге арналады. Ілгеріде санамаланған сөз таптарынан жасалған туынды үстеулердің мағыналық мәндері, грамматикалық өзгерістері сипатталады. Азербайжан және ағылшын тілдеріндегі туынды үстеудің жасалу тәсілдері мен екіншілік мағынаға ие болу үдерістері талданады. Ерекше атап айтатын жайт, үстеу екі тілде де негізгі сөз таптарының бірі болып есептеледі. Зерттеу барысында аталмыш сөз табының азербайжан және ағылшын тіліндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері де айқындалды. Өзге сөз таптарымен салыстыра қарағанда сын есімнің туынды үстеу жасау қабілетінің жоғары екендігі айқындалды. Бұл сын есім мен үстеудің мағыналық және морфологиялық жағынан өзара жақындығының айғағы. Сан есімдердің де үстеу тудыру қасиетінің өнімді екендігі анықталды. Сан есімдерден пысықтауыштық және мөлшер мағынасында жұмсалатын үстеулер жасалады. Азербайжан тіліне қарағанда ағылшын тілінде көмекші сөздердің үстеу тудыру қасиетінің белсенділігі анықталды.Түйін сөздер: үстеу, зат есім, сын есім, сан есім, ағылшын тілі, азербайжан тілі.
Published
2018-02-13
How to Cite
BABAYEV, İ.I.. The formation of adverbs in english and azerbaijani on the basis of other parts of speech. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 148-155, feb. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2081>. Date accessed: 19 june 2018.