The concept of «Time» in signature worldview of Timur Zulfikarov

  • E.R. Kogay КазНУ имени аль-Фараби

Abstract

Мақалада «Уақыт» концептінің құрылымдық компоненттері қарастырылып, әмбебап, ұлттық-мәдени және жеке авторлық қабаттары анықталады. Автор «Уақыт» концептінің «пассивті қабатына» егжей-тегжейлі сипаттама береді. Зерттеу нысаны ретінде атақты жазушы, ақын Тимур Зульфакировтің еңбектері қолданылады. Зерттеу барысында «Уақыт» концептін сипаттайтын темпоралдық реңкті сөздер, метафоралық анықтаулар, теңеу, эпитет, образдық ассоциациялар мен символ мағыналы сөздер секілді лексикалық бірліктер айқындалады. Тікелей «Уақыт» концептін қолдану контексін қарастыру арқылы концепт өрісінің перифериясын дәлдеп, сөздіктерде бекітілмеген мағыналық реңктерді, сонымен қатар лингвомәдени ерекшеліктерін белгілеу жүзеге асырылады.Түйін сөздер: концепт, концептінің дербес-авторлық компоненті, концептінің белсенді қабаты, концептінің пассивті қабаты, тілдік құралдар, метафора, эпитет, дербес-авторлық метафора, уақыт, Тимур Зульфикаров.
Published
2018-02-13
How to Cite
KOGAY, E.R.. The concept of «Time» in signature worldview of Timur Zulfikarov. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 172-176, feb. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2085>. Date accessed: 20 oct. 2018.