The technics of formation students’ cognitive competence while teachingkazakh language

  • R.N. Darmenkulova Al-Farabı KazNU
  • L.T. Alymtayeva Al-Farabı KazNU
  • A.Zh. Amirov Al-Farabı KazNU

Abstract

Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының білім беру дәрежесін жаңа бағытта жетілдіріп, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту, танымдық құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Бұл мақалада студенттердің танымдық құзыреттілігін дамыта отырып, қазақ тілі сабағында оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары қарастырылады. Сондай-ақ, сабақ барысында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы да студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығы назардан тыс қалмайды. Студенттердің танымдық құзыреттілігін арттыру үшін түрлі тақырыптағы ойын түрлері, шығармашылық жұмыстар, өз мамандығына қатысты материалдармен таныс болу арқылы да танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімін қалыптастыруға болатыны айтылады. Оқыту таным әрекетінің ерекше түрі болғандықтан, бұл бағытта жүргізілетін жұмыс түрлері студенттердің құзыреттілігін дамытуға арналады.Түйін сөздер: құзыреттілік, танымдық әрекет, қазақ тілі сабағы, білім беру жүйесі, дағды, оқу-танымдық белсенділік, оқыту әдістемесі, дүниетаным.
Published
2018-03-05
How to Cite
DARMENKULOVA, R.N.; ALYMTAYEVA, L.T.; AMIROV, A.Zh.. The technics of formation students’ cognitive competence while teachingkazakh language. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 282-286, mar. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2104>. Date accessed: 19 june 2018.
Section
Методика преподавания языка