Translation problems of English conversational vocabulary in the Thomas Hardy’s novel «Tess of the d’Urbervilles»

  • V. Kan КазНУ имени аль-Фараби

Abstract

Мақалада көркем прозадағы ауызекі лексикасының аударылу ерекшеліктері кейбір біркелкі лексемалардың әртүрлі академиялық сөздіктерде әрқилы стилистикалық белгілерге ие болып, толық айқындалмау жағдайына байланысты қарастырылады. Томас Хардидің «д’Эрбервилдер әулетінен шыққан Тэсс» атты роман мәтініндегі ағылшын ауызекі лексикасының орыс тіліне аудармасы ұлттық ерекшеліктің, семантикалық байлық және эмоциялық толықтықтың әсерінен аудармада белгілі қиындықтар тудыратыны көрсетіледі. Осыған байланысты ауызекі және стилистикалық төмен лексиканың орыс тіліне аудару жолдарын қарастырудың өзектілігі айқындалады. Кейде аудармашылар тиісті мәселелерді аударма барысында шешетіні көрсетіледі. Нақты мысалдар арқылы әрбір жетілген тілдегі ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық-фразеологиялық бірліктері тілдің семантикасында құрылымдық-грамматикалық ерекшеліктермен қатар халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетіні дәлелденеді. Сонымен қатар, жергілікті халық тілі әртүрлі географиялық факторларға, яғни арнайы ауызекі сөз тіркестері, диалектілер, кейде кейіпкерлер тіліндегі акценттерге байланыстылығы айқындалады.Түйін сөздер: аударма, аударма қиындықтары, ауызекі лексика, сайма-сай аударма, ұлттық ерекшелік, диалектілер мен акценттер.
Published
2018-03-25
How to Cite
KAN, V.. Translation problems of English conversational vocabulary in the Thomas Hardy’s novel «Tess of the d’Urbervilles». Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 388-391, mar. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2123>. Date accessed: 19 june 2018.