The main approaches to the study of the concept in modern human sciences

  • L. Mukhtar КазНУ имени аль-Фараби

Abstract

Мақалада қазіргі гуманитарлық ғылымдағы «концепт» терминінің мағынасы мен рөлі қарастырылған. Берілген ұғымның табиғаты түрлі ғылыми бағыттар мен тәсілдер негізінде қаралған. Концепт проблемасын зерттеуге бағытталған теориялық жұмыстарды талдау және жалпылау арқылы оның сипаты мен ерекшелігі ашылады, көркем концептінің өзгешелігі анықталады. Талдау үрдісі нәтижесінде берілген термин әдеби шығармаларда жеке автор концептісінің белгіленген нұсқасы ретінде оның концепт кеңістігінің мағыналық кескіндемесіне шоғырланатыны дәлелденген. Көркем концептіні зерттеу көркем мағынаны тудыратын сөз өнерінің табиғатына терең бойлаумен қатар, көркемдік коммуникацияны да зерттеуге мүмкіндік береді. Жұмыста әдебиеттің халықтың концепт-кеңістігін кеңейтудегі үлесі қарастырылған. Қазіргі филологиялық ғылымда берілген ұғым шығарманың көркемдік әлемін және жазушының ұлттық әлемін бірлікте зерттеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде көрініс табатыны дәйектеледі.Түйін сөздер: концепт, көркем мәтін, концепт-кеңістік, әдеби үдеріс, жазушы, шығарма, тәсіл, пікір.
Published
2018-03-25
How to Cite
MUKHTAR, L.. The main approaches to the study of the concept in modern human sciences. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, [S.l.], v. 165, n. 1, p. 392-396, mar. 2018. Available at: <http://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2124>. Date accessed: 26 apr. 2018.