Рәбиға Сыздық және қазақ тіл ғылымының өзекті мәселелері. Рабига Сыздык и основные проблемы казахского языкознания.

Авторы

  • A. T. Islamova Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ключевые слова:

Тіл білімі, Р. Сыздық, лингводидактика, қолданбалы лингвистика, тарихи лексикология, тіл білімінің жаңа бағыттары, қазақ әдеби тіл тарихы, языкознание, Р. Сыздык, прикладная лингвистика, историческая лексикология,

Аннотация

Ғылыми мақалада қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздықтың қазақ тіл біліміндегі орны, зерттеу бағыттары мен алатын орны, ғалымдық тұлғасы сөз болады. Қазақ лингвистикасы ғылымы өзінің даму тарихында түрлі көзқарастар мен ғылыми тұжырымдардың, теориялар мен зерттеулердің куәсі болған. Сондай дәйекті тұжырымдар мен ғылыми зерттеулердің авторы, қазақ тіл ғылымында ғана емес, ұлт психологиясын дамытуда, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, жалпы қазақ халқының ұлттық болмысында өзіндік қолтаңбасы мен өрелі биіктігі бар Р. Сыздық –ғалым ретінде де, адамдық болмысы жағынан да қайталанбас тұлға. Академик тынымсыз ізденісі арқылы тіл ғылымының өзекті мәселелері қатарында аталатын әдеби тіл нормалары мен олардың қалыптасу ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу мәдениетінің нормативті қалыптары, жазу мен емле заңдылықтары, Қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі орны, А.Байтұрсынов және тіл білімі мәселелері, лингводидактика және қолданбалы лингвистика, Абай тілінің ерекшеліктері, түркітану мәселелері, тарихи лексикологияның негізгі қырлары, көркем мәтін лингвистикасы және оны талдау, тіл білімінің жаңа бағыттары, қазақ тілінің синхрондық және диахрондық жағдайы, тілдегі мақсатты-стильдік саралану секілді тілдік проблемаларды көтеру арқылы жал- пы теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды тұжырымдардың жасалуын, а әлі күнге дейін ат салысып келеді. В этой научной статье рассматривается научная деятельность, роль, исследовательские направления видного ученого, академика НАН РК, д.ф.н., профессора Р. Сыздык в казахском языкознании. Казахское языкознание на разных этапах развития был свидетелем различных теорий, исследований, научных выводов и взглядов. Р. Сыздык – автор выводов и научных трудов, видный ученый не только в казахской лингвистике, но и в развитии национальной психологии, заслуженный деятель РК. Академик благодаря своим беспрерывным поискам исследует основные проблемы казахского языкознания, как нормы литературного языка и его особенности формирования, нормативные формы культурной речи и языка, орфографические и пунктуационные закономерности казахского языка, роль К. Жубанова в казахском языкознании, А. Байтурсынов и основные проблемы языкознания, лингводидактика и прикладная лингвистика, языковые особенности произведении Абая, проблемы тюркологии, основные аспекты исторической лексикологии, лингвистика художественного текста и его анализ, новые направления казахского языкознания, исследование состоянии казахского языка в синхронном и диахронном аспектах, целевая-стилистическая дифференциация в языке. Видный ученый до сегодняшнего дня успешно участвует в решениях важных теоретических и прак- тических проблем языкознания.

Библиографические ссылки

2 Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан). Толықтырылған 3-басылымы. – Алматы: Арыс, 2004. –232 б.
3 Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР «Білім қоғамы», 1990. – Б. 52.
4 Сыздыкова Р. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 243 с.
5 Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б.
6 Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 614 б.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19