Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмыс. Национально-этнографическое содержание письменного айтыса Б. Отепова и Т. Уркимбаева

Авторы

  • G. S. Oralova Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Ключевые слова:

айтыс, процесс, ақындық мектеп, пейзаж, өлең, фольклор, дәстүр, көркемдік ойлау, жырау, нақыл өлеңдер, тарихи-баяндау, әдеби бейне, классика романтика, көркемдік жинақтау, этнография, автор, лирикалық кейіпкер, хат-өлең, арнау, толғау, патриот, идея, тақа

Аннотация

Әдебиеттану ғылымында жекелеген ақындар шығармашылығын қарастыру, оны ұлт қазынасына қосу қашан да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл мақалада шығармашылығын белгілі ортада қалыптастырған, бұрын- соңды өткен ақындардан тәлім, дәстүр жалғастығынан нәр алған Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаев сынды ақындардың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмысы айқындалған. Мақалада ақындық поэзия мұраларындағы жазбаша айтыс үлгiлерiнiң жанрлық қырларына талдаулар жасалып, өзіндік дәстүрлі мектебі бар Сыр бойы ақындарының жазбаша айтыстары ақындық дәстүрдiң көркемдiк жалғастығы негізінде зерттелген. Ақындардың бұл жазбаша айтыстары уақыт пен кеңiстiк бiрлiгi аясында бағаланады. Себебi ақындардың аталған айтыстары – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы кезең шындығының шежiресi. Айтыста қозғалатын ортақ тақырып – аудандарды құрайтын ауылдардың шаруашылық дамуының көрсеткiштерiн эпикалық баяндаумен қамтып жырлау. Идеясы – ауыл шаруашылығындағы адамдардың еңбек майданындағы қажырлы iс-әрекеттерiн, халықтың материалдық тұрмыс мәдениетiнiң жақсылықтарын мадақтау, кемшiлiктерiн сынау. Шаруашылықтарды жетiстiктер мен кемшiлiктердi салыстыра тiзбелеудiң поэтикалық түйiндеуi –адамдардың еңбек майданында ғана өсiп-өркендей алатынын дәлелдеу. Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаевтың жазбаша айтыстары – қазақ тұрмысының ұлттық-этнографиялық шынайы болмысын поэтикалық көркем бейнелеген әдеби шығармалар. Ақындардың жазбаша айтыстарында қазақ халқының төрт түлiк малды, әсiресе жылқыны күтiп-баптаудағы эстетикалық-гуманистiк көзқарастары романтикалық-реалистiк дүниетаным сарындарымен жырланғандығы талданған. Жазбаша айтыстар – ақындардың шығармашылық тұлғасын биіктетіп, өлең өнерiнiң көркемдiк-эстетикалық тағылымын әдеби сын құралы тұрғысында жырлаған шығармалар екендігі байыпталған. В данной статье рассматривается письменный айтыс периода Великой Отечественной войны двух акынов из Казалинского и Кармакшинского регионов. Автор затрагивает проблему культурных ценностей и национально-этнографического содержания в письменном айтысе. На основе письменного айтыса определяется духовно-познавательное пространство и философская глубина эстетики казахского народа. Айтыс Байназара Отепулы и Толеубая Уркимбаева – образец поэтического воплощения исторической правды в годы Великой Отечественной войны. Поэтическое состязание Байназара и Толеубая – этнографическое произведение. Оба акына сравнивают хозяйственные достижения и показатели, раскрывают психологию кочевника-скотовода и в художественно-изобразительной форме воспевают национальные традиции и системудуховных ценностей казахского народа. Тема айтыса двух акынов – жизнь и быт народа в годы войны. Идея айтыса – воспевание подвига народа на войне и в тылу. Песни-письма двух акынов, опубликованные в на страницах газет, отражают в единстве названную тему и идею.

Библиографические ссылки

1 Жабаев Ж. Екi томдық таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым. 1996. – 1-т. – 312 б.
2 Жабаев Ж. Екi томдық таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 2-т. – 384 б.
3 Байғанин Н. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер, толғаулар, дастандар / Құрастырған, алғы сөзiн жазған О.Нұрмағамбетова. – Алматы: Жазушы, 1991. – 400 б.
4 Әзiрбаев К. Екi томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 1: Өлең, терме, толғаулар / Құрастырушылар Н. Төреқұлов, Б. Әзiрбаев. – 360 б.
5 Әзiрбаев К. Екi томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. 2: Айтыстар, дастандар / Құрастырушылар: Н. Төреқұлов, Б. Әзiрбаев. – 352 б.
6 Әлiмбаев Д. Кеншi жыры: өлеңдер, толғаулар, ертегi, айтыстар / құрастырғандар: С. Негимов, Б.Ысқақов. – Алматы: Жазушы, 1986. – 136 б
7 Қошқарбаев Ш. Ақ қайың: Өлеңдер, толғаулар, дастан, айтыстар / құрастырған С. Негимов. – Алматы: Жазушы, 1984. – 160 б.
8 Тәжiбаева А. Ана даусы. – Алматы: ҚБМ, 1948. – 48 б.
9 Тәжiбаева А. Ана сыры. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955. – 88 б.
10. Бекежанов Н. Аманат: Өлеңдер, айтыстар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 272 б.
11. Өтепұлы Б. Жүйрiктiң аты шықпас озбай көпте. – Қызылорда: Тұмар, 2005. – 120 б.
12. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдерi. – Алматы: Ғылым, 1974. – 288 б.
13. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. – Алматы: Ғылым, 1983. – 160 б.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19