Фразеологиялық тұлғалар компоненттерінің дистантты орналасуы

Авторы

  • Ж. Абдрахманова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.к., доцент, Алматы

Ключевые слова:

компоненттері, фразеологиялық.

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдердің түрлену түрі яғни, олардың компоненттері арасына сөз енгізу арқылы өзгерістер жасау қарастырылады. Жалпы көркем әдебиет тілі көркем сөздің ұлтқа тән нормаларына жүгінеді. Ал ұлттық нормалар сонау халық ауыз әдебиетінен бастау алатын бейнелі, синонимдік жарыспа қатарлары мол көркем тіл. Әдеби тілде бар стильдік тәсілдердің көбі ауызекі тілден алынған. Олардың иесі – халық. Бірақ халықтық мұра сол күйінде сіресіп қатып қалмайды. Олар өзгеру, даму процесінде болады. Кейінгі жылдары пайда болған жаңа ұғымдарға лайық көптеген сөз, сөз тіркестері, фразалық түйдектер, стильдік тәсілдер әдеби тілге молынан енді. Кейде әбден қалыптасқан тұрақты тіркестерді белгілі мақсатқа лайық өзгертіп те қолдануға болады. В данной статье рассмаривается преобразование фразеологизмов современного казахского языка, а именно изменение путем появления новых слов в составе фразеологизмов. Язык художественной литературы всегда подчиняется нормам художественного слова, свойственным языку определенной нации. Между тем нормы национального языка берут свое начало еще из устного народного творчества, язык которого характеризуется образностью и богатством синонимических рядов.

Библиографические ссылки

1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

2. Кекілбаев Ә. Құсқанаты. – Алматы: Жазушы, 1978. – 348 б.

3. Досжанов Д. Мұхтар жолы. – Алматы: Жазушы, 1988. – 400 б.

4. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 285 б.

5. Мұқанов С. Сұлушаш: Роман мен повесть. – Алматы: Атамұра, 2002. – 288 б.

6. Әубәкіров О. Мың мінездеме. – Алматы: Жазушы, 1989. – 239 б.

7. Сабыржанұлы Ж. Өкпелесең, өзің біл. – Алматы: Үш қиян, 2001. – 349 б.

8. Әмірбек К. Мың бір мысал. – Алматы: Жазушы, 1991. – 187 б.

9. Ахмади Ж. Жүрек қартайса, ажал аңду салады. – Алма ты: Қайнар, 2000. – 192 б.

10. Сәрсенбаев О. Гүлжаһан. Таңдамалы шығармалар: 2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1992.– 1 т. – 428 б.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19