Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасы тіліндегі троп түрлерінің қолданысы. Употребление тропов в языке «Кутадгу билик» Ж. Баласагуни

Авторы

  • Z. Dauletiyarova Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ключевые слова:

мағына, троп түрлері, метафора, теңеу, метонимия, эпитет, значение, виды троп, сравнение,

Аннотация

Мақалада түркі əлемінің орта ғасырдағы тарихи-əлеуметтік жəне мəдени-рухани болмысын танытатын аса құнды мұраның бірі ─ Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасы тіліндегі троп түрлері жайында сөз қозғалады. Орта ғасыр тұғырлы мəдениетінің көркем ойлау жүйесі тілдік бірліктер арқылы кешенді түрде ғылыми сараланады. «Құтадғу білік» шығармасы тіліндегі метафора, эпитет, метонимия, теңеулердің қолданысы жəне олардың семантикалық сипаты ашылады. Қазақ тілінің сөздік қорының байлығы, тіліміздің ұлылығы, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасы деректерімен сабақтастырыла қарастырылады. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» тіліндегі троп түрлерін анықтау арқылы орта ғасыр түркілерінің дүниетанымын, тілдік ерекшелігі айқындалады. Философиялық ой-түйіндер, даналық сөздер көріктеу құралдары – метафоралар, теңеулер, метонимия, эпитет арқылы танылып, орта ғасыр түркілерінің көркем ойлау жүйесін айқындайды. Қазақ тілінің тілдік ерекшеліктерінің ертедегі бастау көздерін «Құтадғу білік» шығармасынан іздеу мол материалдар мен жаңалықтар береді. «Құтадғу білік» шығармасы философиялық толғамдарымен де, поэтикалық ойлау ерекшелігімен сол дəуірдегі өнер өрісін, көркемдік таным мен ой-сананың биігін аңғартады. В статье представлены виды тропов, встречающиеся в произведении Ж. Баласагуни «Кутадгу билик» среднего века тюркоязычной среды социально-исторических и духовно-культурных взглядов. В комплекс- ном виде научно анализируются языковые системы художественной культуры среднего века. Рассматриваются семантическая характеристика и употребление метафор, эпитет, метонимии и сравнение в языке произведения «Кутадгу билик». Раскрывается богатство словарного состава казахского языка путем сравнения с фактами в произведении Ж. Баласагуни «Кутадгу билик». Раскрываются языковые особенности, мировозрения тюрков среднего века с помощью определения видов троп в языке произведения «Кутадгу билик» Ж.Баласагуни. Определяется художественное сознание тюрков среднего века с помощью философских мышлений, мудрых изречений изобразительных средств – метафор, сравнений, метонимии, эпитетов. Древние начинания языковых особенностей казахского языка в произведении «Кудтагу билик» отличается новизной и дает много интересных материалов. Произведение «Кудтагу билик» акцентирует внимание на художественное сознание, особенности поэтического, философского мышления той эпохи.

Библиографические ссылки

1 Нұрмақанов А. Түркі фразеологиясы. – Алматы., 1998. – 170 б.
2 Əзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы. – Алматы, 2005. – 300 б.
3 Маслова В.А. Лингвокультурология. – Москва: Академия, 2001. – С. 202.
4 Древнетюркский словарь / Под ред. В.М. Наделяев, Д.М. Насилов, Э.Р. Тенишев,
А.М. Щербак. – Ленинград: Наука, 1969. – С. 676.
5 Егеубаев А. Құтты білік. – Алматы, 1986. – 278 б.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19