Романдардағы тоғысар арна – адам-табиғат арақатынасы. Отношение человека и природы в русле романа.

Авторы

  • Sh. Shortanbaev Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы

Ключевые слова:

роман, қазақ прозасы, пейзаж, көркемдік стиль, казахская проза, художественный стиль, мастерство писателя, отношение человека и природы, авторский подход, суреткерлік шеберлік, адам және табиғат арақатынасы, авторлық шешім,

Аннотация

Мақалада Алаштың көрнекті қаламгерлері Жүсіпбек Аймауытов пен Қалихан Ысқақовтың романдары, ондағы табиғат суреттері туралы баяндалады. Аймауытов пен Ысқақов алаш оқырмандарына қазақ прозасын биік деңгейге көтерген қайталанбас сөз зергері, шынайы суреткер ретінде танымал. Мақалада Аймауытов Жүсіпбектің суреткерлік-шығармашылық шеберлігі, жазу машығы, романдарында кездесетін табиғат көріністерінің шығарманың мазмұнына, идеялық мұратына, композициялық тұтастығына кейде тікелей, кейде жанама әсерін тигізіп отыратыны ғылыми тұрғыдан сарапталады. Жүсіпбек кейіпкерлерінің жан-әлеміндегі, көңіл- күйіндегі өзгерістер табиғат көріністерімен жымдасып, шығарманың шырайын кіргізіп, құлпырта түсуге септігін тигізетіні Қалихан Ысқақов романдарымен салыстырыла, жан-жақты қарастырылады. Алтайдың әсем табиғатын, ғажайып сұлу орман-тоғайларын, сылдырап аққан өзенін, яғни, Марқакөл мен Күршімін, Бұқтырма мен Ақсуын, қайталанбас тау-тасын суреттеудегі Аймауытов пен Ысқақовтың суреткерлік шеберлігі, өздеріне ғана тән көркемдік әдіс-тәсілдері, қаламгерлік шешімі сөз болады. Зерттеу мақалада Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы адам мен табиғатты қатар суреттеу, әсіресе, табиғатты бейнелеуді көтеріңкі леппен бастап, сол деңгейден түсірмей аяқтау, ақ өлең үлгісіне салған көтеріңкі пафосы қаламгердің өзіне тән ерекшелігі ретінде бағаланса, көркем туындыдағы мұндай суреткерлік шеберлік Қ.Ысқақовтың «Тұйық» романының да негізгі белгілерінің бірі екендігі туралы айтылады. В данной статье рассматриваются романы великих писателей – Жусупбека Аймауытова, Калихана Искакова, в частности картины природы, изображенные в них. Ж. Аймауытов и К. Искаков известны как неповторимые мастера слова и истинные художники, поднявшие казахскую прозу на высокий уровень. В статье анализируется с научной позиции художественно-творческое мастерство, навыки письма Жусупбека Аймауытова, непосредственное или косвенное влияние описания природы в романе на содержание, цель, идеи, композиционную целостность произведения. Изменения в душевных переживаниях, настроениях героев Жусупбека сливаются с картинами природы и придают красоту произведению, что подробно рассматривается в сопоставлении с романами Калихана Искакова. Изучаются художественное мастерство Ж. Аймауытова и К. Искакова в описании красоты природы, прекрасных лесов, журчания рек, неповторимых гор Алтая, в особенности Маркакуль и Куршим, Буктырма и Аксу, его собственные художественные приемы и методы, писательская деятельность. В статье передается паралельное описание человека и природы в романе Ж. Аймауытова «Акбилек», особенно как он начинает на высокой ноте описание природы и заканчивает на том же уровне, не снижая его, что оценивается как его пецифическая манера. Такое художественное мастерство является одной из основных составляющих романа К. Искакова «Туйык».

Библиографические ссылки

1 Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. – Алматы: Раритет,2003. – 240 б.
2 Ысқақов Қ. Қараорман. – Алматы: Өлке, 2005. – 368 б.

Загрузки

Опубликован

2015-10-19