Тарихи романның композиция ерекшеліктері

Авторлар

  • Bazylova B.K., Akisheva S.N. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph10

Аңдатпа

Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи роман-дилогиясының композициялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл романның композициялық негізі шынайы тарихи қақтығыстар, романдағы оқиғалар қатаң хронологиялық ретпен дамиды, бір уақытта жоспарланады. Оқырман роман беттерінде орын алған барлық оқиғалардың тікелей куәгері болып табылады. Қақтығыстың шешімі басты кейіпкердің – тарихы тұлғаның, сипатын қалыптастыру үдерісін анықтайды, оның қалыптасуында белгілі бір дәрежеде рөл атқарған тарихи оқиғалармен байланысты қаралады. Роман екі кітаптан тұрады. Дилогияның алғашқы кітабы бізді қазақ халқының тарихындағы күрделі кезеңге қайтарады, оның барысында кейіпкердің жастық жылдарына келеді. Екінші кітапта Ресейдегі Ораз-Мұхамедтің кең ауқымды көрінісі, ашаршылық суреттері және ресейлік тәждің кандидаттарының саяси қақтығыстары бейнеленген. Жазушы хронология қағидасын сақтай отырып, қазақ сұлтанының ұлттық сипаттың эволюциясын көрсетеді. Ресейдің мәдениетімен және қоғамдық өмірімен танысу барысында қазақ сұлтанының рухани жетістіктері көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану