Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасы.

Авторлар

  • Zh.D. Dadebaev S.B. Zhusanbaeva .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph3
        84 644

Аннотация

Мақала Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәнін пайымдауға арналған.
Мақалада мынадай мәселелер қарастырылады: Жүсіп Баласағұнның заманы; Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білік» дастаны жазылған мәдени орта; Жүсіп Баласағұн өмірінің дерек көздері; дастанының
әлеуметтік мәні; дастандағы төрт ұғым, төрт қымбат қасиет: Әділет (әділ заң); Дәулет (құт,
ырыс); Ақыл (парасат); Қанағат (ұстамдылық); дастанның тәрбиелік мәні; дастанның танымдық
мәні; дастанның көркемдік-эстетикалық мәні; дүниенің өтпелілігі, баянсыздығы туралы ойлар;
құтқа жеткізетін білім; білімнің өмірлік маңызы; мемлекет қызметшілерінің міндеттері мен
әдебі; әміршінің кісілік қасиеттері; мемлекет қызметшілерінің өзара қатынас жасау тәртібі;
Жүсіп Баласағұн – ХІ ғасырдағы түркі әлемінің теңдесі жоқ ойшыл ақыны, ақылы асқан дана
тұлғасы. Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген
зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық
трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің
мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық,
рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға
төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса
жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең
тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-02-23

Как цитировать

., Z. D. S. Z. (2020). Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 20–29. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph3

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение