Қазақ және орыс тілдері паремиологиялық бірліктерінің этикалық және лингвоэкологиялық сипаттамасы

Авторлар

  • G. Omarbekova Назарбаев Университет, Казахстан, г. Астана

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph8

Аннотация

 

Мақала этикалық лингвоэкология аспектісінде қазақ және орыс тілдерінің паремиологиялық бірліктерін зерттеуге арналған. Зерттеу ғалымдардың мақал-мәтелдердің этикалық әлеуетіне деген қызығушылығының артуымен, мақал-мәтелдердің сөйлеу-прагматикалық аспектілерде жеткіліксіз қарастырылғандығымен анықталады. Халықтың тұжырым, пайымдаулары осы қысқа сөздерде көрініс тапқандықтан, олар сөйлеуге тән этикалық бағалаудың (жағымды немесе теріс) сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер экологиялық тазалығы мен экологиялық таза еместігі тұрғысынан қарастырылады. Тыңдаушының эмоционалдық тепе-теңдігіне нұқсан келтіруі мүмкін құндылықтарға негізделген мінез-құлық үлгілері мен стереотиптік идеялар қарастырылады. Мақалада қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің мағыналары әртүрлі тапсырмалар арқылы анықталып, олардың жағымды немесе жағымсыз әсер ету сипатына талдау жасалып, қоршаған ортаға зияны немесе экологиялық зиян еместігі анықталады. Мақал-мәтелдерді бұлайша зерттеу жаңа бағыт болып табылады, өйткені бұған дейінгі лингвистикадағы еңбектерде тек этикалық ұғымдар қарастырылған. Мақал-мәтелдердің қарым-қатынас жасаушылардың санасына әсер ету сипатын, олардың мағынасын анықтау үшін зерттеуде қазақ және орыс тілдеріндегі жүз бес мақал-мәтел қолданылды. Паремиологиялық бірліктің астарында көмкерілген мағынаны нақтылау үшін тілдік-прагматикалық талдау арқылы адамдардың құндылықтар жүйесінде көрінетін ниетінің түрлері анықталды. Этикалық нормаларды білдіретін этикалық факторларды (мақал-мәтелдерді) зерттеуге бағытталған, сондай-ақ мәтіндік-ақпараттық ортадағы адам қауіпсіздігін бұзатын құбылыстарға назар аударуға бағытталған ғылым саласы – этикалық лингвоэкологияның дамуы туралы қорытындылар жасалады.

Түйін сөздер: этикалық лингвоэкология, нормалар, паремиялар, сөйлеу актісі, модельдеу эксперименті, қауіп, манипуляция.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29