Абайдың Таңжарыққа ықпалы

Authors

  • Ч. Ш. Шаубин Іле педагогикалық университеті
  • С. Ы. Ыскакулы Іле педагогикалық университеті

Keywords:

Абай, Қытайдағы қазақ әдебиеті, Таңжарық әсері, идея, үлгі, өнеге, эстетика.

Abstract

Қытайдағы таяу заман қазақ әдебиетінің қалыптасып, даму жо­ лында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне тірек болған қайнардың бірі Абай мұрасы болған. Өйткені XX ғасырдың алғашқы жарымында Абай мұрасының идеялық-эстетикалық терең мәні Қытайдағы қазақ әдебиетшілерінің де үлгі-өнегесіне айналған­ ды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден ақындықты мұрат еткен өнер иелерінің адастырмас темір қазығы болды. Сол үшін де олар Абай үлгісімен өлеңдер кестесін жазды. Оның даналық жолын жалғастырып, өлмес өлеңдерін көп­ теп таратты. Шығармаларын өнеге тұтты. Қытайдағы қазақ әдебиеті­ нің классигі, суырыпсалмалық пен жазба дәстүрді қатар меңгерген, ақындық өнердің ерен жүйрігі Таңжарық Жолдыұлы – ұлы Абайдың ықпалына мықтап бойұрған ақынның бірі. Оның шығармаларының идеялық-көркемдік жақтан кемелденіп, Қытайдағы қазақ әдебиетін­ де дара биік шыңға көтерілуін Абай ықпалынан бөле қарауға бол­ майды. Яғни Абайдың реалистік дәстүрінен, демократиялықағар­ тушылық идеясынан құлшына үйренуінде жатыр. Сондықтан ол өзі жасаған дәуірге Абайша қарады. Шындықты Абайша толғады. Тақы­ рып таңдау, сөз саралау жақтарында Абайды үлгі тұтады.

Downloads

How to Cite

Абайдың Таңжарыққа ықпалы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1626