«Эпоним» ұғымының шығуы мен оның кейбір мәселелері

Authors

Keywords:

эпоним, жалқы есім, жалпы есім, ақпарат.

Abstract

Берілген мақала эпоним терминінің шығуы, олардың ежелгі дәуірдегі мағынасы мен қазіргі дәуірдегі мағынасының өзгеруін қарастырады. Ондағы эпоним терминінің екпіні оның мағынасына қаншалықты әсер еткендігі туралы айтылады. Зерттеу нысаны эпонимге қойылған есімнен не субъектіден зерттелінген объектіге ауысуы туралы тілге тиек етіледі. Мақалада эпоним тақырыбын зерттеген ғалымдарға, лингвистерге шолу жасалады. Сонымен қатар автор эпонимдердің жалпы және қазіргі уақыттағы кейбір өзекті мәселелерін қарастырады. Яғни эпонимдердің шығып, кең таралуына кедергі келтіретін факторлар. Оларды дүниеге алып келетін ғалымдардың көп болуына байланысты нақтыланбауы, әлемдік өндірістік қолданыста жүрген эпонимдердің басқа сол секілді тауарларды өз атымен басып, басқа өзіне ұқсас заттарға сол эпонимдердің есім ретінде таралуы. Басқа өнім заттарының құқықтары бұзылып, доминантты эпонимдердің не өнімдердің жетегінде, көлеңкесінде кетуі секілді өткір мәселелер талқыланады.

Downloads

How to Cite

«Эпоним» ұғымының шығуы мен оның кейбір мәселелері. (2015). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 128(4-5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1807

Most read articles by the same author(s)