«Қан мен тер» – адам тағдыры, көркемдік жаңа өріс. «Кровь и пот» – судьба человека, новое художественное решение

Авторы

  • K. Madybai Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Sh. Shortanbaev Казахский национальный университет имени аль-Фараби
        720 2274

Ключевые слова:

роман-трилогия, көркем әлем, характер, образ, жанр, авторлық ұстаным, адам тағдыры, художественный мир, авторская позиция, судьба человека

Аннотация

Мақалада Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы орталық тұлға – Еламанның өмір соқпақтары, өміртанымдағы өсу жолын көркемдік шешімде көрсетуі – қаламгер Нұрпейісовтің характер сомдау, характер ашудағы елеулі табысы болып саналатынын айқындап, терең салғастырулар жасайды. Автордың белгілі бір дәуірдегі ел тарихын, адам тағдырын, жалпының ішіндегі жалқының өмір шырғалаңын ұдайы қатарластыра, қосқаптал ағыстармен, үзік-үзік, қадау-қадау айқын сәттермен астарлап алып отыратынын сәтті байқап, суреткерлік шеберлігін сөз етеді. Мақалада Бальзактың ХІХ ғасырдағы француз қоғамы, қоғам аясындағы адам тағдырлары туралы жазған том-том шығармасын, М.Горькийдің адам өмірінің мәнін толғаған романдарын Ә.Нұрпейісов туындысымен салыстырып, қазақ жазушысының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Романдағы Еламан да, Сүйеу қарт та, Мөңке шал да, Қаракемпір отбасы да, Тәңірберген де, Ақбала да, Судыр Ахмет те өз дәуірінің ақиқатымен ғұмыр сүрген мейлінше толымды көркем бейнелер екені жан-жақты қарастырылып, терең қамтылған. «Қан мен терде» жазушыны осы адамдардың тағдыры толғандыратынын саралайды. Мақала авторлары қазақ әдебиетінде белгілі бір кезеңде өріс алған роман жанрының дамуында «Қан мен тердің» де елеулі орны барын романдағы уақыт шындығы, адам тағдырлары аясында көркемдік шеберлік алымдарын атап отырып аша түседі. Жазушының характер жасау, баяндау, суреттеу тәсілдеріндегі жетістік, кемшілікті шендестіре отырып, қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қиын жанрдағы суреткерлі қарымын көрсетумен бірге, қазақ романистикасының да беталыс-бағытын сараптайды. В статье рассмотрены вопросы художественности романа-трилогии «Кровь и пот» А.Нурпеисова. Авторы анализируют значение данного произведения в развитии казахского романа как начала нового направления. В статье обсуждается мастерство автора при описании жизни народа определенного периода, и жизнь главного героя Еламана, который жил в эти трудные времена, его способность перебороть трудности, несмотря на жизненные тяготи и невзгоды. В статье анализированы своеобразные особенности автора, как писателя, его работы сопоставляются с произведениями Бальзака, в которых он описывает французское общество и жизнь народа XIX века, а так же сравнивается с романами М. Горького, в которых он с особой художественностью описывал человеческие судьбы.В месте с тем разносторонне рассматриваются художественные образы Еламан, старик Суйеу, старца Монке, Акбалы, Танирбергена, Судыр Ахмет, которые живут своей зажиточной жизнью. Анализируется то, как автор в своем романе «Кровь и пот» глубоко задумывается о судьбах этих персонажей. Авторы статьи глубоко вникают в творчество писателя и подчеркивают место романа «Кровь и пот», заслуживающего особое внимание в развитии такого жанра, как романа в казахской литературе. Авторы статьи указывают на мастерство А. Нурпеисова в этом сложном жанре, его достижения и недостатки в способности создавать, описывать образы, вместе с этим, и при этом разносторонне рассматривают такое направление, как казахская романистика.

Библиографические ссылки

1 Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы, 1990. – 164 б.
2 Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. – Алматы: Жазушы, 1977. – 824 б.
3 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. – Алматы, 1977. – 300 б.

Загрузки

Как цитировать

Madybai, K., & Shortanbaev, S. (2015). «Қан мен тер» – адам тағдыры, көркемдік жаңа өріс. «Кровь и пот» – судьба человека, новое художественное решение. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 141(1-2). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/151