Шәкәрім өлеңдеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдау

Авторы

  • Г. У. Ыдырысбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        109 54

Ключевые слова:

тіл, таным, өлең мәтіндері, метафора, когнитивті метафора, фрейм, тұжырым (концепт).

Аннотация

Бұл мақалада Ш.Құдайбердіұлы өлең мәтіндеріндегі когнитивті метафораларға талдау жасалған. Шәкәрім өлеңдеріндегі метафоралар ақынның дүниеге деген көзқарасын, когнитивті танымын, рухани дүниесі мен мәдениетінен хабар бере отырып, әлем, дүние туралы түсініктерінің ескі элементтерін жаңғыртуға жәрдемдеседі, ғаламның біртұтас тілдік келбетін жасауға қатысады. Шәкәрім шығармаларындағы метафоралардың, олардың жұмсалуы, қызметі, танымдық негізі, семантикалық сипаты мен құрылымдық-мағыналық түрлерінің функционалды тұрғыдан зерттелуінің тілтаным үшін маңызды. Шәкәрімнің өзіне ғана тән ізденістері суреткер тіліндегі метафоралар әлемі мен поэзиясының тілі арқылы көрінетін дүниетанымын айшықтады. Шәкәрімнің өлең мәтіндеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдаудың негізінде олардың табиғатымен танысуға болады. Метафоралық тіркестердің құрылымдық-семантикалық сараптамасы денотаттарды зерттеу шеңберінде жүргізілді және тақырыптық топтарға байланысты сарапталды. Мақалада ақын өлеңдерінің негізінде өмір, дүние концептісіне байланысты метафоралар топтастырылып, соларға танымдық талдау жүргізілді. Шәкәрімнің өлең мәтіндеріндегі метафоралар концептілік жүйе құрып, дүние құндылықтарын көркем тұрғыдан тануға қызмет еткен. Жазушының білім деңгейі, дүниетанымы, сонымен бірге ұлттық болмысы мен ділі метафоралар арқылы ашылады.

Библиографические ссылки

1.1. Аханов Т. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп,
1965 – Б. 158 .
2.2. Телия В.Н. Номинация. – М.: Энциклопедический
лингвистический словарь, 1990. – С. 336-337.
3.3. Құдайбердіұлы Ш. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен поэмалар.
– Алматы: Атамұра, 1990. – Б. 296.

References
1.1. Ahanov T. Tіl bіlіmіne kіrіspe. – Almati’: Mektep, 1965 – B. 158 .
2.2. Teliya V.N. Nominaciya. – M.: EHnciklopedicheskij lingvisticheskij slovar’, 1990. – S. 336-337.
3.3. Qudayberdіuli’ Sh. Qazaq aynasi’. O’lengder men poe’malar. – Almati’: Atamura, 1990. – B. 296.

Загрузки

Как цитировать

Ыдырысбаева, Г. У. (2016). Шәкәрім өлеңдеріндегі метафораларды танымдық тұрғыда талдау. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 155(3). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1585