Қазіргі әзірбайжан әдебиетіндегі роман жанрының орны. Детектив жанры
Аңдатпа
Заманауи әлем әдебиетіндегі роман жанрының жай-күйі мен оның өзгерісі белгілі бір дәрежеде
қазіргі әзірбайжан әдебиетіне де әсерін тигізбей қоймайды. Мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі
әзірбайжан романдары, әдебиет және романғақатысты ұғымдар сараланады. Дәл қазіргі уақытта
детективтің роман жанрынан іргесін алыстатқандығы туралы және оқырмандардың детективке
деген көзқарастары талданады. Мақалада детектив «салиқалы» әдебиет жанры ма деген сұрақ
қойылады.








