Жедел өткен шақ жұрнағының шығу тарихы

Авторлар

  • Sagyndykuly B. Kulzhanova B. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,

Аңдатпа

Жедел өткен шақтың -ды (-ді, -ты, -ті) формалары бүкіл түркі тілдерінде қолданылады. Семантикасында да көңіл аударарлық өзгешелік жоқ. Бұл жұрнақ осы себепті де белгілі-белгілі түркологтардың ерекше назарын аударады. Мысалы, О. Бетлинг қимыл есімін жасайтын -дық формасының тарихи дамуынан пайда болды деп таныды. С.Е. Малов көсемшенің көне -ты формантынан шығуы мүмкін деп болжамдайды. Сыртқы ұқсастықтары болмаса бұл формалардың жедел өткен шаққа қатысы жоқ. Мақалада авторлар жедел өткен шақ формаларының арты>ерті көмекші етістігінен пайда болғандығын дәлелдейді. Екі бағытта дамыған: ар~ер буыны жойылғанда -ты/-ті формалары қолданысқа түссе, арты>ерті құрамынан р сонары түскенде е+ді көмекші етістігі тілдік өмірге келген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-14