Мәтін лингвистикасы: жалпы шолу және өзекті мәселелер

Авторлар

  • B. Myrzabek Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • M. Mambetova Казахский национальный университет им. аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph5

Аннотация

Мақала қазіргі тіл біліміндегі дамып келе жатқан мәтін лингвистикасына арналады. Мақалада мәтін лингвистикасын зерттеген, зерттеп жүрген ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасалып, мәтін лингвистикасының өзекті мәселелері талданып қарастырылды. Соңғы жиырма жылдықта шетелдік, сонымен қатар отандық ғылымда зерттеулердің тіл білімінің аталған бағытына деген қызығушылық ерекше қарқынмен артып келе жатыр. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне аналитикалық шолу жасалды. Бұл мақалада жинақтау, салыстыру, бақылау, есепке алу, талдау және т.б. әдістер қолданылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мәтін лингвистикасының дамып келе жатқан бірнеше бағыттары қарастырылады. Мәтін лингвистикасының зерттеу нысаны мәтінге байланысты ғалымдардың пікірлері салыстырылып, топтастырылды. Мақалада мәтін лингвистикасын зерттеудің себептері мен қажеттілігі талданды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің зерттелуі мәтін теориясымен байланысты екендігі көрсетілді. Сонымен қатар, әдебиеттерге шолу жасалғанда, мәтін туралы айтылған шетелдік, отандық ғылыми еңбектерден анықтамалар сұрыпталып, жүйеленген нұсқада ұсынылды. Мақалада мәтін лингвистикасының теориялық тұсы қарастырылып, зерттеуде мәтіннің құрылымдық жүйесі қозғалды. Аталмыш мақалада мәтін лингвистикасының өткені, бүгіні және болашағына сараптама жасалды.

Түйін сөздер: лингвистика, мәтін, мәтін лингвистикасы, сөйлеу, тіл, талдау.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29