Актер мамандарын даярлаудағы актер шеберлігі мен сахна тілінің ықпалдастығы.

Авторы

  • Tungyshbay аl-Tarazi, Казахская национальная академия искусств имени Т. Жургенова, г. Алматы
  • O. К. Khozhamberdiyev Казахская национальная академия искусств имени Т. Жургенова, г. Алматы
        56 40

Ключевые слова:

актер, актер шеберлігі, сөз, сахна тілі, сөз әрекеті, театр, педагогика, сөйлеу мәдениеті, актерское мастерство, слова, сценическая речь, словесное действие, культура речи,

Аннотация

Тақырыптың өзектілігі – кез келген елдің мәдениет тарихына мән берер болсақ, қалыптасу мен қарқынды даму үрдісінде заман талабының өз заңдылығы байқалады. Сондай заңдылықтың бір бөлігі – сөйлеу мәдениеті бүгінгі уақытта үлкен қоғамдық мәселеге айналып отыр. Мұны өнер адамдарының, оның ішінде театр және кино актерлары мен режиссерларының, теле- радио жүргізушілері мен көркемсөз оқу шеберлерінің, әнші-вокалистердің, сонымен қатар мешіт имамдары мен уағызшылардың, лекторлар мен мұғалімдердің, адвокаттар мен соттардың, қоғам қайраткерлері мен ұжым басшыларының, жалпы сөз өнеріне қатысы бар мамандардың өзіндік спецификасына қайшы келетін сөйлеу мәнерінен байқаймыз. Сонымен, сөз өнерінің ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерін актердің сөйлеу мәдениетінде шыңдап, сахналық тілдің жетістіктерін бүгінгі күнгі театр өнерінің ағымына сай дамытып, жетілдіруді қажет ететін заманауи талаптар мақаланың өзектілігін арттырады. Өйткені сөйлеу мәдениетінің аясы кең, атқарар қызметі сан алуан. Сол себепті, бұл ғылыми еңбекте актер шеберлігі мен сахна тілінің маңызы, бейіндік ерекшеліктері бірізділікпен зерттеліп, оның өзіндік бағдарламасы болашақ актерларға, басқа да сөз өнеріне қатысы бар мамандарға және өз дауысын меңгергісі келетін жалпы қауымға арналады. Актуальность темы. Если рассмотреть историю искусства любого государства, то в процессе его становления и интенсивного развития можно заметить своеобразную закономерность, соответствующую требованиям времени. Одна из составляющих такой закономерности – культура речи, которая на сегодняшний день является значимой общественной проблемой. Это наблюдается из манеры разговора людей искусства, в том числе актеров и режиссеров театра и кино, теле-радиоведущих и мастеров художественной речи, певцов- вокалистов, а также духовных настоятелей мечети и проповедников, лекторов и учителей, адвокатов и судей, общественных деятелей и руководителей организации, в целом специалистов имеющих отношение к искусству речи, которая противоречит своеобразной специфике речи. Потому как сфера культуры речи обширна, а исполняемые ею функции весьма разнообразны. Поэтому этот научный труд требует последовательного исследования важности, специфичных особенностей сценической речи и представить разработанную программу для будущих актеров, других специалистов, имеющих отношение к словесному искусству, и для широкого круга людей, желающих освоить ораторское мастерство.

Библиографические ссылки

1 Қазақстан Республикасында ілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 110 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН).
2 Cтаниславский К.С. // Соч.: В 8 т. – М., 1955. – Т. 3. – С. 503.
3 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен,
казахские наречия. – М.: Санкт-Петербург, 1985. –Т. 5. – С. 190.
4 Сыздық Р. Сөз сазы. – Алматы: Санат, 1995. – 117 б.
5 Титова А.А. Проблемы сценической речи. – М.: Искусство,1968. – С. 228.
6 Қазақ театрының тарихы. – Алматы: Ғылым,1975. – Т. 1. – 400 б.

Загрузки

Как цитировать

аl-Tarazi, T., & Khozhamberdiyev O. К. (2015). Актер мамандарын даярлаудағы актер шеберлігі мен сахна тілінің ықпалдастығы. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 150(4-5). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/774