Д. Лондон және қазақ жазушылары шығармашылығындағы «қасқыр» концептісі
Keywords:
қасқыр, образ, психология, символ, метафора, фи¬ лософия, табиғат.Abstract
Джек Лондон шығармашылығындағы көп аспектілі әрі күрделі туындыларындағы американ және қазақ әдебиеттануына ортақ мә селе – адамзат пен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, дамуы. Бұл – жазушы еңбектерінің ең өзектісі әрі көпаспектілі көркемдік әлемі. Мақалада Дж. Лондонның «Ақ азу» және М. Әуезовтің «Көксерек» шығармаларының идеялық-көркемдік үндестігіне назар аударылады. Эпикалық, метафоралық, символикалық, мифологиялық реңкі ашы лады және драмалық синтезі, лирикалық әрі философиялық компо ненттері көрсетіледі. Шығармаларда махаббат мен мейірім құдіре тіне, бастапқы инстинкті игере білу қасиетіне және өмірдің әуелгі бастамасының анықтамаларына маңыз беріледі.
