Аудармадағы қосмәдениетті эстетикалық құбылыс (қазақ және ағылшын поэзиясының негізінде)
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph26Аңдатпа
Мақалада қазақтың көрнекті ақындарының шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған өлеңдерінің мысалында эстетиканың поэтикалық құбылысына арналған. Ақынның
поэтикалық мұрасы мен аудармалары ежелгі мәдениеттің және сонымен бірге конъюгативті
эстетиканың факторы болып табылады. Аудармаларды талдау қазақ мәтіндері тек лингвистикалық
қана емес, сонымен бірге көркемдік және эстетикалық араласудың көрнекі үлгілері екенін айқын
көрсетеді. Аудармаларда түпнұсқаның эстетикалық тұтастығын «бұзу» және оны бір уақытта жаңа
көркем және эстетикалық бейнеге айналдыру бар. Біз бұл құбылысты конъюгативті деп белгіледік.
Қазақ ақындарының өлеңдерінің ағылшын тіліндегі аудармаларының өзара салыстырмалы
талдауы аудармалардың тек лингвомәдени фактор ғана еместегін және олардың көркемэстетикалық өрнекке айналатынын айқын көрсетеді. Аудармадағы поэтикалық және эстетикалық
заңдылықтарының «шиеленіс» өзара әрекеті – түпнұсқаның ерекше ұлттық эстетикалық
тұтастығын «бұзады да» және аудармада объективті жаңа эстетикалық трансформацияға
(өзгерістерге) апарады. Аудармалардағы бұл мәселені біз конъюгативті деп белгілейміз. Бұл
құбылыс қазақ сөздері мен рәміздерінің ағылшын мәтініне аударылуы кезеңінде айқын көрінеді.
Шет тілді оқырман көбінесе эмоционалды емес, коммуникативті, бағалау, дерексіз-жалпылама,
модальдық, түсіндірме сипаттағы жаңа эстетикалық ақпаратты алады. Ол жаңа компоненттерді
қабылдау үшін: ою-өрнектер, киіз үйлер, қамшы, арғымақ және т.б.) көркем шығарманың
мазмұны мен форма әлеміне кіруге дайын болады








