Фонетикалық өзгеріске ұшырап вариантталған көне түбірлер (XI-XV ғғ. түркі жазба ескерткіштері материалдары бойынша)

Авторлар

  • Б. Р. Құлжанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Б. Сағындықұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

ескерткіштер, архаизм, оғыз, қыпшақ, түркі тілдері, дыбыстардың түсірілуі.

Аңдатпа

Мақалада көне түркі жазба ескерткіштерінде ұшырайтын қазіргі түркі тілдерінің тұрғысынан ескірген, архаизмге айналған сөздердің қалай вариантталғаны баяндалған. Қазақ тілінде бұрынғы тұлғасын өзгертіп барып қалыптасқан бірқатар көне түбірлер жайында сөз болған. Мұндай өзгерістерге дауысты, дауыссыз дыбыстардың түсірілу, еріндіктердің езуліктерге айналу, қатаң дауыссыздардың ұяңдануы сияқты заңдылықтардың елеулі роль атқарғандығы нақты мысалдармен түсіндірілген. Атап айтқанда, қапуғ, қапағ, қапығ, қапы, қабық, қақпа, қап формаларының бір ғана қап көне түбірінен шыққандығы негізделген. Сондай-ақ оғыз тілдеріндегі туғур >туғул>тоғул >оғул; туғуш>тоғуш>оғуш тұлғалары мен қыпшақ тілдеріндегі туғур>туғул>уғул>уул>ұл; туғус>туғыс>туыс тұлғаларының да даму жолдары қызғылықты түсіндіріледі. Бұл айтылғандардан сөз құрамындағы белгілі бір дыбыстың түсіріліп айтылуы оның түр-тұрпатын мүлдем өзгертіп, адам танымастай етіп жібергені байқалады. Мұның өзі бұрын жиі қолданылыста болған сөзді архаизмге айналдырған. Мақаладағы мысалдар көне түркі жазба ескерткіштірінің қолжазбаларынан және туыстас түркі тілдерінің материалдарынан теріліп алынды.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары