Ағылшын тіліндегі can, could модальді етістіктерін қазақ және орыс тілдеріне аудару жолдарының ерекшеліктері
Кілт сөздер:
модальдық мағына, контекст, тіларалық интерференция, флексия, семантикалық құрылым, десемантикаланған етістік.Аңдатпа
Мақалада ағылшын тіліндегі can, could модальді етістіктерін қазақ және орыс тілдеріне аудару жолдарының ерекшеліктері қарастырылады. Модальдық мағына – бұл тілдерге тән универсалдық категория. Әр алуан тілдерде модальдық мағына лексикалық бірлестіктер, грамматикалық және синтактикалық тіркестер және интонация сияқты түрлі-түрлі тілдік ресурстар арқылы көрініс береді. Модальдық етістіктерді зерттеудің мәні зор. Оның себебі шетел тілін оқыту барысында студенттер грамматикалық құрылымдарды қазақ және орыс тілдерінен ағылшын тіліне тікелей аударады. Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы мен екі тілдің құрылымырың арасында үлкен айырмашылықтар бар. Категория ретінде модальдық мағына басқа тілдерге әр түрлі жолдармен аударылады. Осы зерттеліп отырған үш тілдің ішінде қазақ тілінде модальдық етістіктер жоқ. Осы себепті басқа тілдерден қазақ тіліне модальдық етістіктерді аудару қиынға соғады. Дұрыс аударманы олар қолданылып тұрған контекстіні анализ жасау арқылы ғана мүмкін болады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Аударма теориясы
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ағылшын тіліндегі can, could модальді етістіктерін қазақ және орыс тілдеріне аудару жолдарының ерекшеліктері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1572
