Техникалық жоғары оқу орындарының қазақ студенттерін оқу мәтіндерді адекватты аудартуға үйрету

Авторлар

  • Р. К. Букейханова Алматы энергетика және байланыс институты image/svg+xml
  • Н. С. Саньярова Алматы энергетика және байланыс институты image/svg+xml

Кілт сөздер:

оқу аударма, адекватты аударма, бірмәнді эквива¬ ленттер, варианттық сәйкестіктер, ғылыми-техникалық мәтін, кон¬ текст, көпмағыналық

Аңдатпа

Мақалада техникалық жоо-ның қазақ студенттерін «Автомат­ тандыру және басқару» мамандығының оқу мәтіндерін адекватты аудартуға үйрету мәселелері қарастырылады. Аудару дағдыларын қалыптастыру лингвистикалық білімдермен қатар арнайы мамандан­ дырылған білім болуды талап етеді. Сондықтан аудырма жасаушы өз мамандығы бойынша терминдерді жақсы білуімен қатар аудары­ латын мәтіннің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін еске алуы керек. Табылып тұрған аударма варианттарының көбісі термин­ дерге тіл жағынан қойылатын талаптарға сай келмейді, өйткені көп­ мағыналы немесе синонимді боп шығады. Сонда аударма жасаушы екі түрлі таңдауға тап болады: сөздікте бар аударма терминді пайда­ лану немесе өздік вариантты ұсыну. Бұл жағдайда контексттің ролі өте зор. Әрине, таза түрде аударма жоқ, бірақ қай аударма түрінің элементтері көбірек қолданылғанына қарай аударманың қандай тү­ рі басымды екендігін түсінуге болады. Мақалада адекватты аударма егжей-тегжей қарастырылады, өйткені бұл аударма түрін меңгерту үшін аударма теориясының негіздерін білу керек. Аударма ісі тек се­ зімталдыққа негізделуі мүмкін емес, аудармашының әрекеттері ақылсаналы болуы керек, яғни аударма жасауды үйрету өте күрделі, ұйым­ дастырмалы және басқарылатын үдеріс.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі