Абай шығармасының орыс тіліндегі аудамасындағы сөздің этномәдени баламасы мәселесі

Авторлар

  • А. U. Zhussupova Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

реалилер, еркін және сөзбе-сөз аударма, коннота¬ тивті мағына, транслитерация, жалпылау, ұлттық рең, этно-мәдени спецификаның жойылуы.

Аңдатпа

Қазіргі таңда этномәдени ақпаратты түсіну аса өзекті болып та­ былады. Бұл мәдени кеңістіктің жаһандануымен байланысты. Түсі­ ністік проблемасы қазіргі кезде субъектілер арасындағы байланыс арқылы, яғни субъекті-нысанды қарым-қатынас «Адам – Мәтін» ар­ қылы жүзеге асырылады. Шетел мәдениетіне жататын мәтінді түсіну барысында жіберүші мен қабылдаушы әр түрлі мәдениеттің өкілдері болып табылады, ал бұл жағдай аудару кезінде түсінбеушілікке әке­ ліп соқтыруы мүмкін. Берілген мақалада этно-мәдени элементтердің аударылу мәселесі қарастырылады. Мақалада реалилерді – белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениетіне жататын ұғым­ дарды аудару қиындықтары мен тәсілдері қамтылады. Мақалада Абайдың «Тұлпардан тұғыр озбас шабылсада» өлеңі қарастырылады. Бұл шығарма этномәдени сөздерге бай. М. Дудин және М. Замахо­ вская ұсынған өлеңнің орыс тілдегі аудармалары жан- жақты талда­ нады.

Жүктеулер