Физика-техникалық факультетінде кәсіби шетел тілін оқытудың кейбір аспектілері
Кілт сөздер:
орыс тілінен ағылшын тіліне аударма, модальды етістіктер, етістіктен туындайтын зат есімдер.Аңдатпа
Қазіргі уақытта Қазақстандық авторлардың көптеген ғылыми мақалалары ағылшын тілінде ғылыми журналдарда жариялануда. Бұл ағылшын тілі оқытушыларының алдына жаңа міндеттер қояды. Сол себептен, алдыңғы қатарға студенттерді академиялық тіл мен аударма негіздеріне үйрету қажеттілігі шығып отыр. Ал оның нәтижесі ағылшын тілінің ерекшеліктерін білу деңгейіне тәуелді болып келеді және де біз осы мақалада ғылыми мәтіндерді аударуда жиі қолданылатын модальды етістіктерді, синонимдік тіркестерді және етістіктен туындайтын зат есімдерді аударуда студенттер жиі жасайтын кейбір қателіктерді қарастырамыз. Бұл мақалада оқыту үдерісінің тиімділігі ескеріле отырып, ғылыми мақалаларды аударуға үйретудегі кейбір мәселелер ұсынылған, сонымен қатар, техникалық мазмұндағы әдебиеттерді аударуды жаңадан бастап жүрген аудармашылар мен студенттердің де қызығушылығын тудыратын ғылыми жаңалықтардың нәтижелерін сипаттау ерекшеліктерін түсіндіру туралы мәселелер де қарастырылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Физика-техникалық факультетінде кәсіби шетел тілін оқытудың кейбір аспектілері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1729
