Түс компонентті фразеологиялық бірліктердің этномәдени ерекшеліктері

Авторлар

  • Б. Қ. Қаймова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Кілт сөздер:

фразеологиялық бірліктер, концепт, әлемнің тілдік бейнесі, метафора.

Аңдатпа

Түр-түс концептісін туыс емес тілдер мен мәдениеттер контексінде салғастыра зерттеу ассоциативтік қатынасқа құрылған адамдардың ойлау әрекетін, тіпті, тұтастай ұлтаралық мәдениетті салғастыруды қажет етеді. Қандай тарихи дәуірде болмасын халықтар тілдерінің қоғамдық даму барысындағы атқаратын қызметі өте зор, өйткені ұлттық мәдени дүниенің даму деңгейі тілдің даму шеңберімен тығыз байланысты. Ал осы әдеби тілдің байлығын, мәдениетін, оның көркемдігін, бейнелілігін арттыратын лексикалық категориялар – сөз тіркестері, сөздер, тұрақты сөз тіркестері. Түр-түс концептісінің қалыптасуына белгілі бір жағдайлар негіз болады да, әр халықтың мәдени дәстүрін ,әдет-ғұрпын, мекендеген географиялық ортасын, діни нанымы мен дүниетанымын, психологиясын көрсетеді. Бірақ бұлардың бәрі әр тілде әр түрлі сөз және сөз тіркестерімен де, сондай-ақ, нақты образдармен де беріледі. Сондықтан тілі, діні, салт-санасы бір-біріне ұқсамайтын халықтардың тілдік тұлғалары арқылы берілетін түр-түстерінде ортақтықтар мен айырмашылықтар, сонымен қатар ерекшеліктер де көп кездеседі. Бұл әр тілдің өзінің қалыптасу заңдылығына байланысты. Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі түс компонентті фразеологиялық бірліктердің сол тілдердің этномәдени ерекшеліктерінің көрсеткіштері бола алатындығы айтылады. Қос тілде жиі және сирек кездесетін түс компонентті фразеологиялық бірліктерге мысалдар келтіріліп, салғастырылады. Кез-келген тіл сияқты, қазақ тілінің де, ағылшын тілінің де дүниетанымы мен әдет-ғұрып ережелерін, тыныс-тіршілігі элементтерін түс атаулары арқылы да аңғаруға болады. Әлемнің тілдік бейнесін түзуде түс компонентінің атқаратын рөлінің кем емес екендігі аңғарылады.

Жүктеулер