Сөйлемді дұрыс талдау кепілі – сөйлем құрылымын, семантикасын және коммуникативтілігін негізге алу

Авторлар

  • М. K. Mamaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Zh. Zhumagulova

Кілт сөздер:

сөйлем талдау, сөйлем мүшесі, тұрлаусыз мүше, сөйлем құрылымы, семантика, коммуникация.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінде сөйлем талдауды бірізділікке түсіру жолдары қарастырылады. Сөйлем мүшелерін тануда мектеп оқулықтары мен ғылыми еңбектер арасында алшақтықтар болғаны көрсетіледі. Мектеп оқулықтарында тұрлаусыз мүшені тануда сөздің мағынасына көңіл аударылып, сын есім – анықтауыш, зат есім – бастауыш не толықтауыш, үстеу – пысықтауыш қызметінде жұмсалады деген пікір басым болды. Ал ғылыми еңбектерде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін сөз тіркесі ілімімен байланыста: қабыса байланысқан сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты, меңгеріле байланысқан сөз тіркесі толықтауыштық қатынасты, жанаса байланысқан сөз тіркесі пысықтауыштық қатынасты құрайды деп қарастырады.
Синтаксистік теорияның дамуы сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тануда жан-жақты ұстанымды қажет ететіндігін ескере келе, қазіргі қазақ тілінде қолданыстағы әр түрлі сөйлемдер талданады. Сөйтіп, сөйлемді дұрыс талдау үшін сөйлем құрылымын, семантикасын, коммуникативтік мақсатын негізге алу керек деген тұжырым жасалады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары