М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасындағы «күнә» концептісінің аудармашылық трансформациясы

Авторлар

  • S. Kairalapova Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

концепт, когнитивті аспект, аударма, шығарма, идиостиль, ассоциативті өріс, коммуникативті маңыздылық.

Аңдатпа

Мақалада көркем шығармалардағы концепт түсінігі, концептосфера және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдарының маңызы қарастырылады. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасының концептуалды жүйесі, шығарма мәтініндегі концептілердің қолданылу заңдылықтары мен олардың аудармада берілу ерекшеліктері зерттеледі. Қазіргі уақыттағы аударматану ғылымының дамуы ғалымдардың аударма үдерісінің дәстүрлі әдістерін жаңадан тануға және аударманың когнитивті тұрғыдан қарастырылатын жаңа тәсілдерін анықтауға деген сансыз талпыныстарымен сипатталады. Аударманың когнитивті аспектісі көп зерттелмеген және қазіргі тіл білімі мен аударматану ғылымдарының үлкен қызығушылығын тудырып отырғаны анық. Аталмыш мәселенің мән-жайларын айқындау мәтіндегі қандай да бір ақпаратты берудегі барынша тиімді аудармашылық стратегияны анықтап алу үшін қажет. «Концепт» ұғымы когнитивті лингвистикада, лингвомәдениеттануда, аударма теориясы және т.б. ғылымдар қатарында басты ұғымдардың бірі болып табылады. Когнитивті іс-әрекет тұрғысынан қарағанда, аударма – екі түрлі когнитивті жүйелер: автор мен адресаттың аудармашы когнициясы арқылы өзара қарым-қатынасқа түсу үдерісі.

Жүктеулер