Қазақ сөз өнеріндегі интертекст мәселесі
Кілт сөздер:
интертекст мәселесі, интертекстуалдылық, фольклор, ақын-жыраулар поэзиясы, би-шешен, дәстүрлі шешендік сөздер, авторлық ауыз әдебиеті, шешендік сөз, сөз өнері.Аңдатпа
Мақалада көркем мәтінді талдаудың түрі болып табылатын интертекстуалдық мәселесі қарастырылады. Қазақ прозасы мен поэзиясындағы, авторлық ауыз әдебиетіндегі интертекстуалдық байланыстардың фольклорлық негізі танылады және соған сәйкес интертекст поэтикасының құрылымдық ерекшеліктері айқындалады. Мақалада интертекстуальдық теориясының бастаулары саналатын М.Б. Ямпольский, И.В. Арнольд, М.М. Бахтин, У. Эко, Ж. Женнет, Ю. Кристева, Ю.Н. Тынянов, Ф. де Соссюр, Г.В. Денисова, Ю.М. Лотман, М.Л. Гаспаров сияқты шетел ғалымдарының еңбектеріне шолу жасалады. Интертекст проблемасына қатысты ой сілемдері қазақ әдебиеттануының бастапқы кезеңдеріндегі еңбектерде кездескенмен, кейінгі уақытта қарастырыла бастады. Ұлттық әдебиет туындыларындағы интертекстуальдық байланыстар көбінесе дәстүр жалғастығы принципі тұрғысынан немесе нәзирагөйлік үлгісінде зерделенді. Сондықтан біздің мақаламызда осы олқылықтардың орнын толтыру мақсаты көзделеді. Осы тұрғыда біз ұлттық әдебиетіміздің әралуан үлгілеріндегі интертекстуальдық байланыстардың көркемдік функциясын ашуда, олардың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін танытуда шығарма мәтінінің құрылымына терең талдау жүргізіп, нақты дәйектер арқылы байыптадық. Интертекстуальдық құрылымдардың фольклорлық негізін айқындайтын еңбектерді қарастырдық. Батыс, орыс әдебиеттануындағы интертекст теориясына, қазақ әдебиеттануындағы азды-көпті еңбектерге сүйене отырып, авторлы ауыз әдебиетіндегі – жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздердегі, жазба көркем әдебиеттегі интермәтін қызметі талдауға алынады.
