Ағылшын және орыс тілінде жазылған қаржылық-талдамалық медиатекстерінде кездесетін – «Қаржы нарығы бейне-бір су құбылысы»атты концептуалды-метафоралық үлгісін салыстырмалы түрде талдау
Аңдатпа
Аталмыш мақала дүние жүзінде көп елдердің қаржы нарығының жаһандану үдерісіне
ұшырағаны жайлы және әлемдегі болып жатқан қаржылық-экономикалық үдерістердің қозғалыс
және даму бағытын өзгертуде ағылшын тілді мемлекеттердің басым рөлі туралы мәселелелерді
қозғайды. Бұл мақалада қаржылық-экономикалық дискурстың бір ерекше түріне, яғни қаржылық-
талдамалық дисурсына айрықша көңіл бөлінеді. Бұл дискурсты тұжырымдау және категориялау
үдерісінде аса маңызды қызмет атқаратын концептуалдық (тұжырымдамалық) метафораға аса
көңіл бөлінген. Аталмыш дискурстың шеңберінде концептуалдық метафора концептуалдық
үлгілердің негізін құрайды және бұл үлгілер медиатекстердегі ақпаратты түсіну және қорыту
үдерісі кезінде өзінің септігін тигізеді. «Қаржы нарығы бейне-бір су құбылысы» атты үлгісі
мәденетаралық байланыс аясында қарастырылып, ағылшын және орыс тілдерінің когнитивтік,
тілдік және мәдениетке қатысты ерекшеліктеріне аса мән беріледіжәне ол алуан түрлі аударма
әдістер арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш мақала тіл мамандарымен аудармашыларға,
сонымен қатар экономикалық бағыттағы мамандарға пайдалы болуы ықтимал.








