Мәдениет кодының фразеологиялық бөлімі

Авторлар

  • M.M Aimagambetova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Тұрақты, өнімді, семантикалық жағынан тұтас және жеке дара қалыптасқан құрылымы әртүрлі
тілдік бірлік бола тұра фразеологизмдер (бір негізгі компоненттен құрмалас сөйлемге дейінгі) кез
келген мағыналы тілдік бірліктердегі сияқты формасы мен мағынасы жағынан модификациялану
қабілетінен көрінетін ассиметриялық дуализм (С. Кравецкий) қабілетіне ие. Фразеологизмдердің
модификациялану қабілеті уақыт талаптарына жылдам жауап беретін мерзімді басылымдардағы
фразеологияның бірліктердің трансформациялануынан анық көрінеді. БАҚ-тың еркін қарымқатынасқа бағытталуы тіл бірліктерінің қатал, дәстүрлі өндіруі міндеттелмелуі мен ақпараттың
берілуі формасының әлсіреуіне алып келді. Өзіне назар аударылған және оқырман қызығушылығын оята отырып фразеологиялық бірліктер трансформациясының прагматикалық бағытталуы
келесі сұрақтар туралы ойлануға итермелейді: Фразеологиялық бірліктер трансформацияның
шынайы шекаралары қандай? Трансформациялану олардың жоғалуына алып келмейді ме?
Мерзімді баспасөздегі фразеологияны бірліктердің типологиясын құрастыруға болады ма?
Берілген мақала аталған сұрақтарға жауап беруге талпыныс жасаған. Зерттеу материалы ретінде
қазақстандық газеттерден алынған төрт жүзге жуық трансформацияланған фразеологизм –   тақырыпшалар алынды. Олардың трансформациялануы коммуникативті (атауыштың, тәрбиелік,
бағалауыштың, образдық, ирониялық, эмоционалдық, адресатпен жақындасу) – прагматикалық
кәмелеттері тұрғысынан қарастырылып мақала тақырыпшаларындағы трансформацияланған
фразеологизмдердің келесідегі негізгі типтері анықталады (конверттелу (56%), мағынаны қайта
ұғыну (27%) және комбинаттау (17%).
Мақала ҚР БжҒМ ҒК AP05133019 «Заманауи Қазақстан мәдени кодтары (әдеби және медиа
дискурстары бойынша)» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру аясында орындалған.

Жарияланды

2018-12-02