Ғылыми мәтіндердегі есімдердің функциясы
Аңдатпа
Бұл жұмыста есімдердің ғылыми-жаратылыстану және ғылыми-техникалық мәтіндерде сөз сөйлеу функциясы зерттелген. Бұл зерттеудің негізінде орыс және ағылшын тіл арасын да аудармашылық материалдар жатады. Тіл әдістермен есімдердің мағыналық ренкі шығарылған. Екі лингвистикалық критерий бойынша сөйлемдер дәл солай бөлінеді. 1. Есімдер термин сөздермен тікелей байланысты. Осындай сөз тіркестерге терминологиялық сөйлеу деп ат қоямыз. Есімдерге – термин үшін сипаттама сөз деп ат береміз. 2. Есімдер термин емес, бірақ басқа сөздермен байланыстырып көрсетілген болса, онда сөз тіркестерді әдеттегідей сөз тіркестер деп санаймыз. Сол себептен есімдердің үш әртүрлі сөйлеу функциясы айқын анықталып табылады: маңызсыз бейтарап функциясы; маңызды терминологиялық функциясы; арнайы, көп мағыналық немесе мәнерлілік (экспрессивті) функциясы. Екінші және үшінші жағдайларда есімдерге информатив ті сөз деп ат қоямыз. Бұл кезде есімдердің информативті функциясы ғылыми құбылыстарды ең жақсы және дәлірек бағалайды. Есімдердің информативті функциясы лексикалық құралдар мен және стильдік тәсілдермен өзгертіледі. Сондықтан есімдерді орыс тілінен ағылшын тілге, немесе керісінше, ауыстырғанда, біріншіден олардың мәтіндердегі информативті функциясын анықтау керек. Сосын ғана әр сөзге ең дұрыс, эквиваленттілік аудармашылық мағына табылады. Бұл жұмыста ғылыми мәтіндер үшін бірнеше тілдік әдістер арнайы мақсатпен пайдаланылған. Көрсетілген есімдерді қалай бейтарап функциядан информативті функцияға келтіруге болады.








