Ағылшын тілдік саяси дискурстың орыс тіліндегі менасивтік қауіпті білдіретін тілдік және стилистикалық тәсілдердің аудармалық ерекшеліктері

Авторлар

  • Khamrayeva Sh.A , Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

Бұл мақалада қауіпті білдіретін тілдік құралдардың аудармасының ерекшеліктері, әсіресе
менансивтік сөйлеу актісіндегі саяси дискурстың ағылшын тілінен орыс тіліндегі аудармасы
қарастырылады. Саяси дискурстың менансивтік актілердің аудармасы органикалық түрде екілік
коммуникативтік эстетика ретінде қолданылады және лингвистикалық мәдени кедергілердің
нәтижесі болып табылады. Шын мәнінде, түпнұсқа мен аударма арасында әртүрлі семантикалық
және эстетикалық фонға ие болған екі түрлі құбылыстың мәтінаралық қайшылықтары орын
алады. Бұл қайшылықтар Америка Құрама Штаттарының Президенті Д. Трамптың және Солтүстік
Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның сөйлеу актілерінде айқын көрінеді. Менансивтік сөйлеу
актісі саяси дискурста дискретті, яғни мазмұны жағынан әртүрлі. Осындай саяси мәтіндерде
фразеологизм, неологизм, көркемдік құралдар, фольклорлық элементтер (мақал­мәтелдер,
анекдот, аңыз т.б.) кездеседі. Олар аударманы қиындатып, тілдік және психологиялық кедергі
тудырады. АҚШ президенті Д. Трамптың баяндамасындағы метафоралық сөздері аударма
барысында қиын болғанмен, бірақ зерттеу барысында қызықты болып келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-24

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы