Түпкі тілдің жағдайында түркі вокализмі және консонантизм
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph16Аңдатпа
Әрбір түркі тілінің өткен кезеңде де, қазіргі таңда да қандайда жақын генетикалық қатынастарда болмасын өзіндік тарихы бар және өзінің тарихи дамуына қарай фонетикалық жүйесінде жалпы байырғы келе жатқан сәттермен қатар өзіне ғана тән ерекшеліктерді иеленді. Қазіргі түркі тілдерінде, оның ішінде салыстырылатын – қазақ, түрік және өзбек тілдерінде вокализм мен консонантизмнің нақты жағдайы біршама күрделі бейнені сипаттайды. Бір жағынан, бұл осы құбылыстың аз зерттелгендігімен, демек оны диахрония мен синхрония тұрғысынан зерттеу әдістемесінің әзірленбегендігімен түсіндіріледі. Біз архетиптің вокалды және консонантты фонемаларының түпкі тілдік жағдайын көбіне әдеби тілдердің жазбаша бекітілген нормаларының мәліметтерінде жаңаша тұрғыдан құрудамыз. Тек кейбір жағдайларда салыстыру үшін осы тілдердің әрқайсысының сөйлеу дыбыстары мен диалектілерінің материалдарына сілтеме жасалады.








