Әбілпейіз сұлтанның Іле генералына жазған бірпарша хаты және оның манжуша аудармасы
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph10Аңдатпа
Мақалада қазақ уаңы – Әбілпейіз сұлтанның қайын атасы Бозүк (сүйегі ойрат) пен баласын
ертіп қазақ жерінен қашқан торғауыт әйелге қатысты 1775 жылы Іле генералы Илытұға жазған
бір парша қазақша хаты мен оның манжу тіліндегі аудармасы, сондай-ақ олардың
транскрипциясы мен қазіргі қазақ тіліндегі аудармалары рет-ретімен беріліп, тарихи деректану
ғылымы тұрғысынан сарапталған, олардың қазақ тарихы мен мәдениеті және қазақ-ойрат
қарым-қатынасын індете зерттеудегі дерекнамалық мәні мен филологиялық ерекшелігі тілге
тиек етілген. Мақалада хат диахронды тұрғыдан қарастырылып, ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби
тілінің тарихы архив құжаттарын, манжурша, қазақша аудармасын пайдалана отырып
зерттелген. Қазақ уаңы – Әбілпейіз сұлтанның Іле генералы Илытұға жазған бір хаттары
мәдениет көрінісі ретінде сипатталып, ертедегі және қазіргі кездегі қазақтардың салт-дәстүр,
әдет-ғұрпымен сабақтастырыла баяндалады. Мақаланың құрылымы мен мақсаты да осыны
көздейді, сол арқылы эпистолярлық хат жанрының генезисі мен эволюциясы көрсетіліп,
синкретті формалары айқындалады, классикалық сюжеттердің, уәждемелердің негізі
көрсетіледі. Автор қазақтың хан ордаларында хатталған тарихи құжаттардың өзге тілдерге
қалай аударылғанын сараптап, ғылыми айналымға түсіруді мақсат етеді.








