М. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңіндегі реалий сөздердің аударылу ерекшеліктері (түрік, орыс, ағылшын тілдері)
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph27Аңдатпа
Мақалада қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңіндегі
реалий сөздердің аударылу ерекшеліктері қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, ақын қолданған
реалий сөздердің түрік, орыс және ағылшын тілдеріне аударылуының лингвомәдени аспектісі
негізге алынады. Романтизм мен реализм тоғысында дүниеге келген аса құнды туындыдағы
ұлттық нақыштағы сөздердің аудармада қандай көрініс тапқаны талданып, тұжырым жасалған.
Лингвомәдени ақпараттың басқа тілге тәржімалануы, оны оқырманның қабылдау деңгейі
аударматанудың өзекті мәселелерінің бірі болса, отты жырлары қазақ символизмінің апогейі
болып табылатын Мағжан ақын шығармашылығы және оның аудармалары әлі де зерттеуді
қажет етеді.
Алғаш рет Мичиган университетінің «Еуропа, орыс және еуразиялық зерттеулер» орталығының
профессоры Тимур Коджауглының түрік және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, орыс тілінде
А.Соловьеваның аудармасы талданған.
Ұлттық нақыштағы сөздерді қалай аудару керек деген сұрақ аударматану ғылымындағы осы
күнге дейін нақты жауабын таппай келе жатқан, әлемдік аудармашылар арасында қызу пікірталас
тудыратын мәселе. Түпнұсқадағы маңызы жоғары, аударылуы қиын, мәдени шартталған ұғымдар
аудармада қаншалықты көрініс тапты? Қандай да бір өзгерістер болса, оның әсері қандай?
Мақалада автор осы сұрақтарға жауап беруге тырысады.








