Қазақ фольклорының вербалиялық әдебиет тілі және қазақ әдебиет тілі (Әдеби тіл туралы тарихи-танымдық көзқарас)

Авторлар

  • Muratbek B . Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова, Казахстан, г. Актобе http://orcid.org/0000-0003-1320-569X
  • A.T. A.T. Ashirova http://orcid.org/0000-0002-7114-3020
  • Azap Azap Samet Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-6195-0048

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph23

Аңдатпа

Ана тілінің мәдениеті артып, қоғамдық қызметінің кеңеюі жазба әдебиеттің дамып, қалыптаса
түсуімен ұштасады. Жазба әдебиеттің функциональдық рангасының кеңейіп, әдеби тілдің халық
өмірінде қызмет атқаруы – сол тілді коммуникативті көрінісі, мәдени, рухани жетістігі. Ал әдеби
тіл халық тілі дамуының жоғары формасы, ұшар биігі болса, оны иемденуші халықтың еңсесі биік,
мәдениеті жоғары ел қатарына қосылғанының белгісі. Қай тұстағы әдеби тілді алсақ та, оны ауыз
әдебиет тілімен теңестіруге болмайды. Өйткені екеуінің арасында елеулі жақындық болғанмен,
олар екі түрлі категория. Бұл айырмашылықтарды аз сөзбен айтып жеткізу қиын. Профессор Е.
Жұбанов «Эпос тілінің өрнектері» (1978) зерттеуінде фольклор тілінің ерекшеліктерін жан-жақты
қарастыра келе, алдына қойған мақсаты мынаған негізделетіндей: «...фольклор табиғатын тіл
фактілері негізінде зерттей келіп, оның әдеби тілмен арақатынасын көрсету болмақ». Мұндай
арақатынасты ол былай түсіндіреді: «...фольклор сөз өнерінің айрықша бір саласы ретінде кейінгі
жазба әдебиеттің, тіпті, бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына, қажетті мол азық болғаны мәлім».
Фольклор тілі – қазақ әдеби тілінің негізгі арналарының бірі.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі