Физика пәні бойынша ғылыми мақалалардың орысша-ағылшынша аудармаларындағы қателерді жіктеу
DOI:
10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph32Аңдатпа
Мақала авторлары ағылшынша жазылған техникалық баяндамалар мен ғылыми
мақалалардың орысша-ағылшынша аудармаларында жиі кездесетін кемшіліктерге, қателіктерге
тоқталған. Бүгінгі таңда ғалымдар өздерінің жазған мақалаларын, зерттеу жұмыстары мен оның
қорытындыларын әлемдік ғылыми қоғамдастыққа белгілі болуы үшін ағылшын тілінде жарық
көретін журналдарда жариялаулары керек. Ол үшін әр автор өз туындысын ағылшын тілінде
жазулары, не сапалы аудартулары міндетті. Сондықтан ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің,
ғалымдардың алдында тұрған өте маңызды міндет студент-инженерлерді, болашақ ғалымдарды
барынша ағылшын тілінде сауатты жазуға үйрету. Өйткені, олар әзірлеген мақалалар, зерттеу
жұмыстары журнал редакторлары мен пікір жазушылардың сынына ұшырамаулары абзал. Ал
студенттердің алдына қойылған басты міндет – шәкірттер ең кем дегенде ағылшын пәнінен
В2 деңгейіне жетулері. Олардың білікті маман атанып мәтіндерді сауатты аударуы, жасаған
еңбектерінің сапасын жақсартуы үшін пайдалы құралы – машиналық аудармаларды пайдалану
және осындай аударымдарда кездесетін қателерді түзету әдістерінің қыр-сырын байқай
білулерінде. Сондықтан студенттер мен болашақ ғалымдар техникалық мәтіндерді аудару
барысында ең көп кездесетін қателіктері терминологияны дұрыс пайдаланбауында. Аударма
логикасына мән бермеуі және сөзбе-сөз аудару ісіне бой ұруы болып табылады.
Мақала авторлары өздерінің бай тәжірибелерін арқау ете отырып, аударма саласында
кездесетін әртүрлі қателіктерді мысалдармен келтіре білген. Оларды түзету жолдарын нақты
мысалдармен түсіндірген. Бұл еңбектің басты ерекшелігі де осында.








