Шәкірімнің «Жан дүние діні». «Жар» ұғымының үш дидары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph14

Аңдатпа

Мақала Шәкәрім поэзиясындағы сопылық поэтика мен оның философиясына арналған. Қазақ
ақынының түсінігіне сай сопылық өзгешелікті зерттеу арқылы «жан дүние діні» концепциясының
сипаты айқындалған. «Жан дүние діні» – адамды Құдайға жетелейтін ішкі жол қалыптасуының
тарихы тұрғысынан зерттелген. Махаббат тақырыбы – адам рухының Абсолютке қарай өрлеуі –
ақын шығармашылығында мистикалық түйсікті оятудың өзіндік тәжірибесі ретінде түсіндірілген.
Шәкәрімнің үш өлеңінде орын алған Абсолюттің өрлеуі және ғалам жаратылысының бейнелері
сопылыққа тән кейбір сарындар арқылы көрсетілген: тылсымға жақындау арқылы рухани тазару
мен көңілдің айқындалуы, Жардың дуагерлігі, Жардың бұрымына жанасу, шараптан еліту, өзіндік
«меннің» жойылуы. Сондай-ақ, Шәкәрімнің жалпы лирикасына тән «Мен және Құдай» сюжеті
айқындалған. Еліту күйін кешіп Ақиқатқа қол жеткізу символикасымен бірге «Жар бұрымы»,
бұлбұл, «кедей», хор қызы бейнелерінің функциясы талданған. Шәкәрім шығармаларындағы
сопылық түсініктің ерекшелігі болса, адамның өрістеуі мен ақиқатқа рухани тұрғыдан қол
жеткізудің этикалық-өнегелік бағдарламасы ретінде көрсетілген. Рухани патшалық, рухани жүрек
және таза зерде концепциялары оның поэзиясындағы жанрлық, философиялық, дидактикалық
өзгешеліктерді тудырған дүниетанымның негізі ретінде зерттеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану