М. Жұмабаев поэзиясындағы ұлттық нақыштағы қаратпа сөздердің аударылу ерекшеліктері (түрік, орыс, ағылшын тілдері)

Авторлар

  • S.A. Ashymkhanova . . Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty National Committee for Languages – National Council for Language and International Studies, USA, Washington http://orcid.org/0000-0002-4167-6985
  • A.E. Alpysbayeva . . Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty National Committee for Languages – National Council for Language and International Studies, USA, Washington http://orcid.org/0000-0002-5947-6084

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph2

Аңдатпа

Мақалада қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы ұлттық нақыштағы қаратпа сөздердің түрік, орыс және ағылшын тілдеріне аударылу ерекшеліктері қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, ақын қолданған қазақ отбасы институтының моделіне тән, тілдік болмысында қалыптасқан төрт-түліктің төл атауларымен байланысты, метафоралық образда балаға еркелетіп айтылатын (қозым, құлыным, құлыншағым, ботам, марқам) тәрізді тіл бірліктерінің туыстас түрік, туыстас емес, бірақ жергілікті деңгейде халық тұрмысында біте қайнасып қолданылып келе жатқан орыс және әлемдік ағылшын тілдеріне аударылуының лингвомәдени аспектісі негізінде талдау жасалынған. Талдаудың негізін осындай мәдени сипаттағы бірліктерді аударуда аса белгілі шетелдік ғалымдар Э. Дэйвистің (2003) аударма амалдары мен Л. Венутидің (1995) аударма стратегияларының (форенизация және доместикация) арақатынасы құрайды. Яғни, ұлттық нақыштағы қаратпа сөздер аудармада қаншалықты бейімделіп, аударма мәтінін қабылдаушы мәдениетке жақындатылды немесе сақталды деген сұрақтарға жауап берілді. Аталмыш екі стратегияның бірінің қолданылуының себептері мүмкіндігінше түсіндірілді. Мақалада белгілі түрік мағжантанушы әрі ақын өлеңдерінің аудармашысы Фархат Тамердің аудармалары, орыс тілінде Әуезхан Қодардың аудармалары қолданылды. Түрік аудармашысының аудармаға байланысты жеке өзінен сұхбат барысында алынған ескертпелер келтіріледі. Сонымен қатар, орыс тілі мен ағылшын тілдерінде аудармалары жоқ өлеңдердің тәржімасын авторлар өздері жасап, ұсынады. Аталмыш аудармалар жоғары поэтикалық аударма деңгейінде болмағанымен, болашақта тәржімалауға талпынатын аудармашыларға анықтамалық ретінде, алғашқы қадам ретінде әбден қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-12

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану