Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл үстеулерінің жіктелісі отандық және шетелдік ғалымдар зерттеулерінде

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph13

Аңдатпа

Уақыт пен кеңістіктің көрінісі тілдің әр түрлі деңгейінде орныққан. Адам болмысымен тығыз байланысты мөлшер ұғымы лексикалық деңгейде үстеулердің еншісінде. Мақалада осы ұғымдармен тығыз байланысты үстеу сөз табының қазақ тіл білімінде және шетелдік қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Семантикалық аспектіде топтастырылу қағидалары ұқсас болғанымен, ерекшеліктері бар екендігі анықталды. Шетелдік ғалымдар еңбегінің көпшілігінде семантикасына қарай жеке лексика семантикалық топ ретінде танылатын мезгіл үстеулері “шақ” және аспектуалдық грамматикалық категориясының аясында қарастырылғандығына көз жеткіздік. Жаң Ишыңның «Қазіргі қытай тіліндегі үстеуді тану» атты еңбегінде мезгіл үстеулері функционалды бағытта қарастырылғаны зерделенді. Ал қазақ тіл білімінде кейінгі зерттеулер сөз табы емес ұғымдық категориялар тұрғысынан зерттелініп, жүйеленгені сипатталды. Тәжірибе жүргізу арқылы танымдық тұрғыдан жағдаяттар барысында респонденттердің тілдік бірліктерді іріктеу, қолдануында ерекшеліктер бар екендігі анықталды. Ол нәтижелер талданды. Ең бірінші, мезгіл, жиілік, реттік шамалары бойынша топтастырылғандығы сараланды. Мезгілді білдіретін үстеулерді өз ішінен шақ-райды білдіретін үстеулер және аспектуалдылықты білдіретін үстеулер; жиілікті білдіретін үстеу өз ішінен жоғары жиілік, орташа жиілік және төмен жиілік деп үшке; реттікті білдіретін үстеуді реттік және қайталау үстеулері деп танылатындығы сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі