Абай поэзиясы және әдеби байланыс мәселесі

Авторлар

  • Л. Мусaлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Айтмухaнбетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • E. Солтaнaева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

классикалық поэзия, экспрессия, сыншыл реализм, эстетикалық талғам, лирика, толғау, ырғақ, буын

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының орыс әдебиеті мен шығармашылық байланысы сөзболады. Ақын өлеңдеріне орыс поэзиясының ықпалы жан­жақты талданады. Орыс ақындарының шығармаларын аудару арқылы Абай қазақ поэзиясына жаңалықтар енгізгендігі нақты мысалдар арқылы сараланады. Мақалада ақын шығармаларының жетілу жолдары, олардың түрлі белестері берілген. Мақалада М. Әуезов абай да лермонтов лирикасының зор әсері бар тәрізді дегенді меңзейді. Бұл – Абaйдың әр жолдың ырғaқ, буын өлшеуін қaтты өзгерткен, кей жолы төрт-­бес сөзден құрылсa, кейде 1 сөз 1 жол болып келген, Абaйдың өлең уәзінің өзі тaуып , соғaн лaйықтaп ән шығaрғaн ең aлғaшқы өлеңі. Абaйдың «Көлеңке бaсын ұзaртып» өлеңінде де орыс әдебиетінің ықпaлы бaйқалады. М. Әуезовтің айтуында бұл өлең табиғат жайында реалистік дәстүр мен ірі суретшілдік пен туғызған шығармалар қатарында жаңа сапада бөлекше көрінеді, орыс классикалық поэзиясы дәстүрінен ауысқан ірі ерекшелік бар. Табиғат көркін ақын көлденеңнен көрмейді, дүние суретін өз көңілімен байланыстыра жырлайды.

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы