М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі мәдени мәнге ие аңдар символикасының аударылуы (түрік, орыс, ағылшын тілдері)

Авторлар

  • Alpysbayeva A.E, Mehmet G, Ashymkhanova S.A әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph36

Аңдатпа

Мақалада қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі аңдар
символикасының аударма ерекшеліктері қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, ақын қолданған
символ сөздердің түрік, орыс және ағылшын тілдеріне аударылуының лингвомәдени аспектісі
негізге алынады. Яғни, тек символикалық емес, мәдени мәнге сөздердің аудармада қандай көрініс
тапқаны талданып, тұжырым жасалған. Лингвомәдени ақпараттың басқа тілге тәржімалануы, оны
оқырманның қабылдау деңгейі аударматанудың өзекті мәселелерінің бірі болса, отты жырлары
қазақ символизмінің апогейі болып табылатын Мағжан ақын шығармашылығы және оның
аудармалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Алғаш рет Мичиган университетінің «Еуропа, орыс және
еуразиялық зерттеулер» орталығының профессоры Тимур Коджауглының түрік және ағылшын
тілдеріндегі аудармалары қарастырылған. Сондай-ақ түрік лингвисі, академик, мағжантанушы
Фархат Тамердің аудармасы, орыс тілінде Б. Жылқыбаевтың аудармалары талданған.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы